ГлавнаяИсполнителиНаби АймуратовЕң алғашқы махаббат басталады партадан
название:

Ең алғашқы махаббат басталады партадан


автор:

Наби Аймуратов


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 979 просмотров
Енесей мен Еділді шатыстырып картадан
Ең алғашқы махаббат басталады партадан
Күндей таза көңілі қардай аппақ парақтан
Ең алғашқы махаббат басталады сабақтан    

Кешпегендер басынан сенбе мейлі сен мейлі
Ең алғашқы махаббат бірін-бірі көрмейді
Айта алмас ем ертедеп айта алмас ем кеш деп мен
Ең алғашқы махаббат басталады мектептен   

Бәйшешекте бүр жарып бұзып жарып сен тоңды
Ең алғашқы махаббат болу керек ең соңғы
Болар бәлкім қамалып болар бәлкім қақ басып
Ең алғашқы махаббат махаббаттың патшасы   

Қ-сы:
Енесей мен Еділді шатыстырып картадан
Ең алғашқы махаббат басталады партадан
Күндей таза көңілі қардай аппақ парақтан
Ең алғашқы махаббат басталады сабақтан

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ең алғашқы махаббат басталады партадан" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен