ГлавнаяИсполнителиИсп. Р. БаглановаШ. Калдаяков.Ақмаңдайлым.
название:

Ш. Калдаяков.Ақмаңдайлым.


автор:

Исп. Р. Багланова


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 696 просмотров
с. М.Әлімбаев
ә. Ш.Қалдаяқов

Көк майса Алатаудың бөктерінде
Гүл тердік жастық шақтың көктемінде
Алдымнан арманымдай жарқ етіп ең
Көңілімді жеткізгендей бақыт күнге

Айналдым, ақмаңдайлым
Ақылдым, бал таңдайлым
Жалынды жас дәуренде
Ұялма, жан сәулем де
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші
Жадырашы, назданшы, еркелеші

"Сен" деген сөзің серттен артық еді
Өзіңе іштей мені тартып еді
"Сіз" деген салқын сөзден қорқамын ғой
"Сен" десең көңіл қайта шалқыр еді

Айналдым, ақмаңдайлым
Ақылдым, бал таңдайлым
Жалынды жас дәуренде
Ұялма, жан сәулем де
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші
Жадырашы, назданшы, еркелеші

"Сен" деген ыстық сөзің артық еді
Өзіңе іштей мені тартып еді
Өзгеге өзің қимас өр көңілім
Лебіңмен қорғасындай балқып еді

Айналдым, ақмаңдайлым
Ақылдым, бал таңдайлым
Жалынды жас дәуренде
Ұялма, жан сәулем де
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші
Жадырашы, назданшы, еркелеші

Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші
Жадырашы-ай, назданшы-ай, еркелешііііі

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ш. Калдаяков.Ақмаңдайлым." ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен