ГлавнаяИсполнителиҚарақат & ҚыдырәліХанзадам-ханшайымым
название:

Ханзадам-ханшайымым


автор:

Қарақат & Қыдырәлі


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 609 просмотров
Көзің қандай сезімімді арбаған арайлым,
жанарыңның сол сәулесін баурағанын қалаймын
Үнің балдай жүрегімді жаулаған
Жүзің қандай Қыз Жібектен аумаған
жан екенсің жаралғандай дәл маған
АЯУЛЫМ!
Әсем күлкің,арай көркің,мына мені 
Мазалайтын көктен!
Қ/ы: Жанымда қалшы бұлбұлым 
Келші гүл-гүлім
Бақытым болшы тек қана менің
Жақұтым болшы
Жағайық махаббат шамын
Бірге атсын таңым
Ерке елігім болшы сен адал
Мәңгі серігім!
2.Сені көріп өртенеді жүрегім ханзадам
Сымбатыңа дидарыңа жүремін тамсана
орындалды бүгін арман тілегім
Болшы мені аялайтын тірегім
Хор қызындай жұмағыңда жүремін
Ән сала!
Тәтті түсім, қыран құсым, сенсің бағым 
Асылым да ЖАНЫМ!
Қ\ы:жаныңда мәңгі қалайын 
От боп жанайын 
Түсіме енген ақ боз ат мінген
Ханзадам сенген.
Жағайық махаббат шамын 
Бірге атсын таңым
Ерке елігім болшы сен адал мәңгі серігім!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ханзадам-ханшайымым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен