ГлавнаяИсполнителиБекболат ТілеуханМенің елім, Қазақстан!
название:

Менің елім, Қазақстан!


автор:

Бекболат Тілеухан


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1321 просмотр
Арайлап таңым, асқақтап тауым,

Ән ойнап көгім, күй тартып көлім.

Қол жетті, міне, аңсаған күнге,

Жасай бер жаса, қазағым менің.

Қазақстаным - жасыл орманым,

Қуанышымды жасыра алмадым.

Аңсаған бабам, аңсаған елім

Бостандық еді ау, асыл арманым.

           Елім менің аңсаған,

           Тас бұғаудан босаған.

           Құтты болсын отауың,

           Берік болсын босағаң. 

Бабамның қаны , анамның жасы,

Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.

Береке, бірлік - қамалдың басы,

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.

Күйінсін жауың , сүйінсін досың,

Жиылсын қауым, құйылсын көшің.

Ертеңің үшін аянба, ерім,

Ояншы, елім, жиылсын есің. 

             Ұрпақ үшін, ел үшін,

             Атамекен жер үшін

             Берекең мен бірлігің,

             Таси берсін ырысың.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Менің елім, Қазақстан!" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен