ГлавнаяИсполнителиЕркін НұржановҰнатасың
название:

Ұнатасың


автор:

Еркін Нұржанов


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1030 просмотров
1.Ақылымды билеуді, 
Күйіп тұрып күймеуді, 
Жылып тұрып күлуді, 
Сүйіп тұрып сүймеуді, 
Сезімге бас имеуді 
Ұнатасың ба? 
Ұнатасың, ұнатасың 
Ұнатамын мен де сені
 Жылатасың, жұбатасың 
Қалпыңменен кешегі 
қ-сы:
 Аялаған ақ құсым 
Қайрылмайтын қаттысың 
Соның үшін, соның үшін 
Тәттісің сен тәттісің. 
2. Жүрегіңе көнбеуді, 
Жан-жараңды жеңбеуді, 
Танып тұрып танымай, 
Көріп тұрып көрмеуді 
Сеніп тұрып сенбеуді 
Ұнатасың ба? 
қ-сы: 
Аялаған ақ құсым 
Қайрылмайтын қаттысың 
Соның үшін, соның үшін 
Тәттісің сен тәттісің. 
3. Қарақаттай көзіңді 
Көзіңдегі сезімді 
Сүйем деген сөзіңді 
Айтып тұрып айтпауды, 
Айтқаныңнан қайтпауды 
Ұнатасың ба?

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ұнатасың" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен