ГлавнаяИсполнители❤A.Z&ZAQ❤Тап-тап
название:

Тап-тап


автор:

❤A.Z&ZAQ❤


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 878 просмотров
басыңнан өтті білемін "

тіпті шаршатып жіберді бəрімізді, 
біресе қуаныш, біресе қайғы əкелетін.
шынайы және жалған кезектесіп кездесетін, 
осы өмірдің мəн жайын бəрімізде түсінбейміз. 
басында жай ұнатамыз,
сəті келсе танысамыз, 
жылы сөздерді қолданып,
сағат болмай жабысамыз.
төсекке итермелеумен,түніменен алысамыз,
бəрі мастықпен болды деп,
басымызды алып қашамыз. 
біреудің сүйкімді қызын, 
осылайша жылатамыз,
алдына қойған мақсатын бұзып жолдан құлатамыз.
тесік моншақ далада қалмайд(ы),
біз көз жасына қалдық.
басыңнан өтті ғой дос, 
басыңнан өтті білемін.
ата-ананың арқасында жұрттан қалмай киінеміз.
киіміне қарап силаймыз,
киіміне қарап күлеміз. 
өзіміз оңып тұрғандай, 
неге біз сүйтеміз а?
жыртық тесікке күлед(і),
деген мақалды біле тұра.
сенің досың не деседе соның қасында келесің, 
ішейік десе,ішейік десе де,
сен сонымен ересің.
ішкі ағзаң бүлінгеннен кейін барып өкінесің,
басыңнан өтті ғой дос,
басыңнан өтті білемін.
ҚАЙЫРМАСЫ:
ТҮЗЕЛУГЕ УАҚЫТ БАР,
ӨМІРІҢ ӨЗ ҚОЛЫҢДА.
БІР ЖАСАҒАН ҚАТЕНІ,
ЕНДІ СЕН ҚАЙТАЛАМА.
ҚОЛДА БАРДЫ БАҒАЛА, 
БҰЛ ӨМІР ТАМАША.
ОСЫ АЙТЫЛҒАН СӨЗДІ ,
АҚЫЛ РЕТІНДЕ ТЫҢДА .
2)жылаудың орнына күліп,
күлетін кезде жылаймыз.
қолда бардың қадірін,
жоғалтқан соң бағалаймыз.
сүйген жанды жылатамыз,
сүймегенді ұнатамыз.
жалған сезімге ілесіп, 
шын сезімді ұмытамыз. 
жауымызды дос көреміз,
досымызды қас көреміз.
неге өмір керісінше?
бəріміз қате жүреміз. 
көрмегенді біз көреміз,
құрастырып жеткіземіз.
басыңнан өтті ғой дос,
басыңнан өтті білемін.
көзіміз ешкімді көрмей,
қыз үшін ішіп кетеміз.
үйде күтер анамызды,
бір қыздан төмен көреміз.
анамыз мұңайған сəтте, 
тіпті қарап мəн бермейміз.
сүйген қызымыз жыласа,
көңілін көтермелейміз. 
аспаннан ақша түсердей,
жұмыс десе ерінеміз. 
тер төккіміз келмейді,
бірақ ақшаны сүйеміз .
қиындықтан құтқарад(ы) деп,
ата-анамызға сенеміз,
басыңнан өтті ғой дос, 
басыңнан өтті білемін.
ҚАЙЫРМАСЫ:

~~~~~~~~~~~~~~~~~

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Тап-тап" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен