ГлавнаяИсполнителиНеизвестенБарады аулым көшіп Қызылжарға
название:

Барады аулым көшіп Қызылжарға


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1252 просмотра
Барады аулым көшіп Қызылжарға,
Таң атар, шолпан туып, сызылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.
Осы әнге тамылжытып сала берем, 
Көңілім өзіңді ойлап бұзылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.

Қайырмасы:
Құландай жүйрік майда жал-ай, 
бар ма екен біздей ынтызар-ай,
Ішінде топ қарағай уәделескен, Көзіңнің мөлдірін-ай.

Ел алды қарайғанда қамыс қалды
Ауылы қалқатайдың алыс қалды, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ауылға алыс қалған қарай-қарай
Қайрылып қаршығадай мойным талды, Көзіңнің мөлдірін-ай

қ-сы

Ұшады аққу көлден қайраңдаған
Дариға, өткен өмір айналмаған, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ауылға алыс кеткен, қимас қалқа
Жүзіңді сағындым ғой жайраңдаған, Көзіңнің мөлдірін-ай.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Барады аулым көшіп Қызылжарға" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен