ГлавнаяИсполнителиЖанибек ТемирланЕрке кыз (cover Aikin Tolepbergen)
название:

Ерке кыз (cover Aikin Tolepbergen)


автор:

Жанибек Темирлан


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1164 просмотра
Алатаудың етегінен сені көрдім
Ақ маңдайлы ару қыз көрікті едің
Жүрегіме жол салып еріктедің
Еркелеші ерке қыз
Тағы жаным сол жерге қайта оралшы
Жүрегіме махаббаттың отын салшы
Мәңгі бақи жанымда бірге қалшы
Еркелеші ерке қыз

Бір өзіңді қалаймын ақ дидарлы арайлым
От боп лаулап мен де жанайын
Ай нұрындай аялап, болайыншы саябақ
Еркелеші ерке қыз

Кездесуге, жүздесуге қайта келейін
Бар сырымды ақтарып жыр ғып төгейін
Қыр гүлінен құшағыңа жинап берейін
Еркелеші ерке қыз
Тау суындай тұнықсың, тамашасың ғой
Тал бойыңа жарасқан қара шашың ғой
Қос қайыңдай жайқалсақ жарасасың ғой
Еркелеші ерке қыз

Бір өзіңді қалаймын ақ дидарлы арайлым
От боп лаулап мен де жанайын
Ай нұрындай аялап, болайыншы саябақ
Еркелеші ерке қыз

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ерке кыз (cover Aikin Tolepbergen)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен