ГлавнаяИсполнителиДанияр Рахметжанов feat. Alina Gerc07 - аймақ
название:

07 - аймақ


автор:

Данияр Рахметжанов feat. Alina Gerc


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 980 просмотров
1. Тарихи өлке ұлан-ғасыр
Бұл жерде Дина мен Құрманғазы,
Қадыр Мырза Әлі жыр данасы,
Маxамбет Исатайдың даласы,
Футболдан "Ақжайық" құрамасы,
Ескерткіш Стелла мұнарасы,
Оралдың құмына аунап өскен
Мен де бұл жердің бір баласы. 
Мәншүк, Хиуаз батыр қыздар 
Сырым батыр салған із бар 
Танымағаның таныңыздар
Осындай текті xалқымыз бар. 

Орал - әсем қала,
Орал - әркез саған 
Орал деп ән салам (ын)
Оралым сенімен мақтанам (ын) 

қ/сы:
Бұл туып өскен жерім
Мақтанышым менің 
Асыл қала Орал 
Бұл 07-аймақ
Қаламыз тұр жайнап 
Жасыл қала Орал 

2. Жасыл қала Оралымыз
Тап-таза ауамен демалыңыз
Жаз десе есіңе түседі Шалқар
Қызықты күндер, ұйқысыз таңдар
Келіңдер Қазталов, Жәнібекке
Бөкей ордасы әріректе 
Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала 
Зеленов, Сырым, Тасқалаға 
Шыңғырлау, Теректі, Қаратөбе
Атамекенім туған өлкем
Қай аудан болмасын құшақ жайып
Қонағын шығарар әркез төрге. 

Орал - әсем қала,
Орал - әркез саған 
Орал деп ән салам (ын)
Оралым сенімен мақтанам (ын) 

қ/сы:

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "07 - аймақ" ?
Miras Daribai 30 сен 21:47
Данияр рахметжанов feat. alina gerc 07 аймақ
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен