название:
автор:
Сенің көзің
автор:
Төрегали Торали
рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 890 просмотров
- Текст
- Открытка с текстом
Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған, Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман. Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған Шашың сенің — жан баспаған жапандағы қара орман. Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара, Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?! Әсем-басың әп-әдемі, мүсініңе шақ қана, Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана. Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен, Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен, Күлкің сенің шашылған нұр, сөзің кәусар бал ма екен, Бұл ғаламда сенен артық сірә біреу бар ма екен?! Бұл ғаламда сенен артқан жан бар деуге сенбеймін, Сен солайсың, Ләйлім менің, сенбе маған, сен мейлің. Бұл ғаламда сенен артқан бір жан болса егерде, Өз көзімді өзім оям, оны мәңгі көрмеймін. Зәмзәм суы сенен арзан, тата алмаған кәусарым, Сенің әсем мүсініңді сөзбен қалай таусамын?! Мың Мәжнүн мендей сірә тебіренген шығар-ау, Аппақ құсым, қайдасың сен? Аңсадым-ау аңсадым... Дата публикации: 2010-02-03 09:41:53 Мұқағали: Сенің көзің түпсіз терең [31858/1] Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған, Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман. Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған Шашың сенің — жан баспаған жапандағы қара орман. Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара, Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?! Әсем-басың әп-әдемі, мүсініңе шақ қана, Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана. Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен, Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен, Күлкің сенің шашылған нұр, сөзің кәусар бал ма екен, Бұл ғаламда сенен артық сірә біреу бар ма екен?! Бұл ғаламда сенен артқан жан бар деуге сенбеймін, Сен солайсың, Ләйлім менің, сенбе маған, сен мейлің. Бұл ғаламда сенен артқан бір жан болса егерде, Өз көзімді өзім оям, оны мәңгі көрмеймін. Зәмзәм суы сенен арзан, тата алмаған кәусарым, Сенің әсем мүсініңді сөзбен қалай таусамын?! Мың Мәжнүн мендей сірә тебіренген шығар-ау, Аппақ құсым, қайдасың сен? Аңсадым-ау аңсадым.. Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған, Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман. Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған Шашың сенің — жан баспаған жапандағы қара орман.
А как ты думаешь, о чем песня "Сенің көзің" ?