ГлавнаяИсполнителиТабылды ДосымовҰйықтап кетсем бір күні оянбай қалам
название:

Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам


автор:

Табылды Досымов


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 990 просмотров
Атыңды сенің айтамын ән қылып неге, 
"Қозым-ау" деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам...

Оянбай қалам, бұл - шындық, ұрыспа, қарғам,
Шөлмек-тірліктің белгілі құлай сынары.
Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған,
Бауырыңа басып, егіліп жылайсың әлі.

Жүректе - қайғы, баста - мұң, көңілде - қырау,
Оңай ма, жаным, жаныңда қайғы ауыртқасын.
Жүретін кезім бола ма өмірде мынау,
Шараптан емес, шаттықтан айналып басым?!

Жанардан ұштың, жасын күн - базарым едің,
Ақ арман неге қол бұлғап шақырмайды алдан?
Отырам сосын тұнжырап, сазарып өңім,
Оқтаулы мылтық секілді атылмай қалған.

Атыңды сенің айтамын ән қылып неге, 
"Қозым-ау" деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен