ГлавнаяИсполнителиДаурен СейтжановКім билген
название:

Кім билген


автор:

Даурен Сейтжанов


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1252 просмотра
Кім білген?

Әні: Ержан Серікбаев
Сөзі: Нұржамал Жаңабаева

Шақырған алдан ақ желкен арман,
Тәтті өмір балдан, екенін жалған бір күн,
Кім білген?
Алдамшы – бақыт, сезімге батып,
Бал дәмін татып, өтеpін уақыт бір күн,
Кім білген?

Самғады ақ бұлттай әнім шалқып,
Ой-қиял ұшады көкте қалқып.

Бал күндер әнді, сері күн сәнді,
Сағынтып жанды кетерін мәңгі алыс,
Кім білген?
Сезімге толы махаббат жолы –
Өмірдің жолы, өтерін оның бір күн,
Кім білген?

Самғады ақ бұлттай әнім шалқып,
Ой-қиял ұшады көкте қалқып.
Қайырмасы:
Келші, келші, жанымда
көңілімнің таппай бір емін,
Өмір атты орманда
адасып жүремін мен әлі.
Ғайып болды көп нәрсе,
Көрінбейді көзге ештеңе.
Көз ұшында елестеп,
Қол бұлғап кетті ақ кеме.
-/-/-//-/-/-
Самғады ақ бұлттай әнім шалқып,
Ой-қиял ұшады көкте қалқып.

Қайырмасы:
Келші, келші, жанымда
көңілімнің таппай бір емін,
Өмір атты орманда
адасып жүремін мен әлі.
Ғайып болды көп нәрсе,
Көрінбейді көзге ештеңе.
Көз ұшында елестеп,
Қол бұлғап кетті ақ кеме.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Кім билген" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен