ГлавнаяИсполнителиЕрнар АйдарҰқсамайсың сен басқаға мүлде...
название:

Ұқсамайсың сен басқаға мүлде...


автор:

Ернар Айдар


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1295 просмотров
Кім бар сендей сұлулығы асқан
Шұғыласын бар ғаламға шашқан
Байқадың ба өзің жүрген жерлер
Бұлттан кейін ашылғандай аспан

Қайырмасы:

Ұқсамайсың сен басқаға мүлде
Толған айсың сүттей аппақ түнде
Оранасың оянғанда көктем
Боянасың қызыл жасыл гүлге
Ай көркіндей ажарлысың-ау сен
Бұйырасың біле алмадым кімге

Бір күн шыдап жүрегімде арман
Сені амалсыз ұшырамын қолдан
Кім бар мендей ыстығыңа күйіп
Кім бар мендей аязыңа тонған

Қайырмасы: х3

Ұқсамайсың сен басқаға мүлде
Толған айсың сүттей аппақ түнде
Оранасың оянғанда көктем
Боянасың қызыл жасыл гүлге
Ай көркіндей ажарлысың-ау сен
Бұйырасың біле алмадым кімге

Бұйырасың біле алмадым кімге

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ұқсамайсың сен басқаға мүлде..." ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен