ГлавнаяИсполнителиӘсел ОмароваАққулар (сөзі - М.Мақатаев)
название:

Аққулар (сөзі - М.Мақатаев)


автор:

Әсел Омарова


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1119 просмотров
Аттанып бара жатыр аққу қаздар,
Қош енді, қош болыңдар, гәкку наздар!
Кеудемде күңіренген дастан қалды,
Киелі қанатымен аққу жазған.

Аққулар, кешіріңдер, жазықтымын,
Қараймын керуеніңе қажып бүгін.
Адасып кетті-ау бірге сендерменен,
Алапат күшім менің, нәзіктігім.

Аққулар, алданыш пе ең, арман бе едің?
Қош енді, қанатым жоқ самғар менің.
Нуларым сыңси жылап қалды-ау менің
Суларым жетімсіреп қалды-ау менің.

Ақкөлдің айдын төсін шимайлаған,
Сұлулар жатыр сені, қимай, далам.
Аққу боп неге ғана жаралмадым?
Адам боп өзіме-өзім сыймай барам.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Аққулар (сөзі - М.Мақатаев)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен