ГлавнаяИсполнителиНұр-МұқасанЖаным, жаным (Бекжан Әшірбаев)
название:

Жаным, жаным (Бекжан Әшірбаев)


автор:

Нұр-Мұқасан


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 709 просмотров
ЖАНЫМ, ЖАНЫМ

Сөзі мен әні: Бекжан ӘШІРБАЕВ
Орындайтын: Нұр-Мұқасан дуэті

Таңнан алқа таққан ардағым,
Ойнап тұрған бақта балды әнім.
Махаббат бұл – жүректің жыры,
Пәк сезімді сақта, жан-жарым.
Арнайтын бар жеңістерімді
Сенсің менің аппақ арманым!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Жаным, жаным, жандыр мені де,
Арай төктің айдын көліме.
Мерекемсің мәңгі, сүйіктім,
Гүл сыйлайтын жай күндері де!

Көркің қандай күмістелгендей,
Зор сенімің тың күш бергендей.
Күдіктің тас қара түйнегін
Қаққа жардық қылыш бөлгендей.
Ақ тотым-ау, өзіңе күнде
Тамсанамын тұңғыш көргендей.

Жаз жайнайды күлкіңде мөлдір,
Жеттік пе біз бұл күнге жеңіл.
Мен үшін сен он сегіздесің,
Өте берер біртіндеп өмір.
Алмамның да жартысын саған
Бермей жесем бүтін бе көңіл?!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жаным, жаным (Бекжан Әшірбаев)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен