ГлавнаяИсполнителиБакайКудалар
название:

Кудалар


автор:

Бакай


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1004 просмотра
Құдалар
1.Ұлы күні ортамызға жиналған
Құтты болсын дүркіреген той думан
Ақ тілектер жас жұбайларға арналған
Құда түсіп салт-дәстүрін сақтаған
Қазағымның басқа да бар тойлары
Тұсау кесер,бесік,сүндет тойлары
Нағашы жұрт,ағайын,дос,құдалар
Қош келдіңіз ортамызға жайдарлы

Қайырмасы:
Қәнекей құдалар, билейік құдалар
Көңілді көтеріңдер,төрлетіңдер құдалар
Көп жасаңдар!

2.Тойың тойға ұлассын деп жамағат
Таусылмасын қалтаңызда қаражат
Бақ-береке,ырыспенен ынтымақ
Туйе берсін Алладан нұр шапағат
Құда-жекжат бізден бір бол аманат
Мың жылдыққа құдалар деп аталады
Ата-баба разы болсын сіздерге
Әсем әуен бізден сізге арналады

Қайырмасы:
Қәнекей құдалар, билейік құдалар
Көңілді көтеріңдер,төрлетіңдер құдалар
Алтындай құдалар,жарқындай құдалар
Бұл тойда бір-бірине құшақ жайған құдалар
Көп жасаңдар!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Кудалар" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен