ГлавнаяИсполнителиСерiкбол КадемовЕй, бауырым!
название:

Ей, бауырым!


автор:

Серiкбол Кадемов


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1060 просмотров
Құшағыңа қондырдың да бiр-ақ түн,
Ей, бауырым, қызды неге жылаттың?!
Сауап емес, күна жинап Құдайдан,
Жолын қалай сұрамақсын Жұмақтың?

 
Кеше сені санап жүрген тiрегi,
Ол байғұстың жаралы ендi жүрегi.
Үйiңдегi қарындасың секiлдi,
Ол қыз да бiр шаңырақтын гүлi едi.

 
Тапқандай боп бұл өмiрде серiгiн,
Саған ғана артты бәлкiм сенiмiн.
"Қыз дегенiң айналамда көп қой" деп,
Олай қатты қателеспе сен, iнiм!

 
Сыйла оған өмiрдiң бар шаттығын,
Себебi ол сенiң ғана аққуың!
Сенi мәңгi сүйгендiктен осылай,
Саған ғана арнаған ғой пәктiгiн...

 Бейкүна қыз жасқа толып жанары,
Таусылды ғой бойындағы амалы...
Кыз-ғұмырдың тас-талқанын шығардың!.,
Ал, ол сенi қорғанына балады.

 
Қиналуда таппай өмiр шешiмiн,
Өз қолыңмен ашшы бақыт есiгiн!
Сен ол үшiн жалғызсың ғой, сондықтан,
Кiшiрейiп сұра бүгiн кешiрiм!

 
Сенiмдiмiн! Бақыт сыйлап таң алдан,
Сол қызыңмен орындалар бар арман!
Сенi сүйсе, көкiректi көтерме,
ҚЫЗДАР ДЕГЕН СҮЮ ҮШIН ЖАРАЛҒАН!!!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ей, бауырым!" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен