ГлавнаяИсполнителиЖ.ОрынбасароваӨмір-сен сөзі:Ф.Оңғарсынова
название:

Өмір-сен сөзі:Ф.Оңғарсынова


автор:

Ж.Орынбасарова


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 648 просмотров
Балалық шақтың әнімен,
балауса, балғын сәнімен
ертегілердің елінен
еркелей басып келіп ем.
Өмірдің көркем бағынан
өзіңді көрсем, жаным-ән!
Бөлеп ең мені бақытқа,
сол күндерімді сағынам.
Қайырмасы:
А-хау, сол бір күндер-ай,
сағындың ба өзің де…
Жалғыз сенсің - өмірде,
жалғыз сенсің – көңілде.
Жалғыз сен ғана жалғанда
бастайтын мені таңдарға!
Жанымда болса екен деп,
оранам аппақ арманға.
Қуаныш шашшы көңілге
түсімде және өңімде!
Ғашық боп, жаным, жүрмін мен
сен бар деп мынау өмірде!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Өмір-сен сөзі:Ф.Оңғарсынова" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен