ГлавнаяИсполнителиНеизвестен.Балалық шағым, алыстап барады
название:

.Балалық шағым, алыстап барады


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1126 просмотров
.Балалық шағым, алыстап барады,
Бейнеді сағым, құлпыртып даланы,
Жүректе жатқан, өмірдің парағын,
Аударып кетті.
2.Дүние шіркін, зымырап өтеді,
Кешегі күнім, алыстап кетеді,
Бала махаббат, болады ертегі,
Қасқағым сәтте.

Қайырмасы:
Мөлдір, мөлдір көздерің,
Тәтті, тәтті сөздерің,
Әлі есімнен кетпейді,
Кездесетін кездерім.
Толқын, толқын жағада,
Ұшып жүрген шағалар,
Шақырады тағыда.

3.Сағынып жүрмін, қол жетпес күндерді,
Аңсайды жаным, кешегі түндерді,
Кетпейді десең, сен берген гүлдердің,
Тәтті жұпары.
4.Сол кезде шіркін, қайтадан оралса,
Балғын күндерім, үніне жараса,
Естіліп тұрса, бақытты балауса,
Махаббат әні.

Ауылға кеткім келіп тұрады.

1.Қырында жайлап елік – құланы
Басылмас жанның көріп құмары
Өрістен қайтқан төл даусын аңсап
Ауылға кеткім келіп тұрады
Қ-сы
Ееее-ей 
Жайнаған гүлім, айналам нұрын төгіп тұрады
Беріліп күйге, сағынсам кейде
Ауылға кеткім келіп тұрады
Сағынтса көлім, қалт етсе қолым
Ауылға кеткім келіп тұрады

2.Самал бір желіп желік қылады
Санамды ауыл жеңіп тұр әлі
Ән салған кештер есіме түссе
Ауылға кеткім келіп тұрады

3.Жанымның мәңгі болып құмары
Бірлігі елдің берік тұр әлі
Қалада қанша сауық құрғанмен
Ауылға кеткім келіп тұрады

Қ-сы қайталау
Беріліп күйге, сағынсам кейде
Ауылға кеткім келіп тұрады
Санамды ауыл жеңіп тұрады

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня ".Балалық шағым, алыстап барады" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен