ГлавнаяИсполнителиАсанәлі Көшеров"Теріскей" (Созақ ауданы туралы)
название:

"Теріскей" (Созақ ауданы туралы)


автор:

Асанәлі Көшеров


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 649 просмотров
Байлығы жатқан жалпақ жерге сыйман
Кеудесі әнге сыймай
Күлімдеп тұрған менің Теріскейім
Күнгейдің құдасындай, сырласындай

Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген

Қаратау, Келіншектау, Шолаққорған
Қызылкөл босамайды қонақтардан
Қарақұр Сарыарқаға сәлем айтар
Қаптаған Қаратауда бұлақтардан

Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген

Заманның көріп бірге самғағанын
Саялы сахарама таң қаламын
Қалқаға Күнгейдегі жетер ме екен
Шалқыта Теріскейден салған әнім?

Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня ""Теріскей" (Созақ ауданы туралы)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен