ГлавнаяИсполнителиАйгүл ИманбаеваТаңғы елес
название:

Таңғы елес


автор:

Айгүл Иманбаева


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 782 просмотра
Алдасаң да арбасаң да,
Қолдасаң да қорғасаң да,
Тым болмаса бір көрінші,
Ақ періштем анда-санда.
Сендей кімді ұнатайын,
Тыңдағанды жылатайын,
Тым болмаса бір көрінші,
Жүрегімді жұбатайын.

қ/сы:
Таңғы елес, таңғы елес
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес.

Түн түбіне тұнғадайын,
Тұмарынан нұрлан дәйім
Тым болмаса бір көрінші,
Көзімді ашып жұмғандайын.
Бақытымнан мұң жасадың,
Үмітімнен құм жасадың,
Бір көрінші саған арнап,
Жүрегімнен гүл жасадым.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Таңғы елес" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен