ГлавнаяИсполнителиКаракатБалапан қаз (Халық әні) (Елим Ай)
название:

Балапан қаз (Халық әні) (Елим Ай)


автор:

Каракат


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 805 просмотров
Бұл өлке — біздің ауыл жайлаған жер,
Желіге асау құлын байлаған жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Ебісіп құлын-тайдай ойнаған жер.

Қайырмасы:
Е-е-й, ахау сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз.

Бұл өлке — біздің ауыл күздеген жер,
Қаракөз бойын сылап түзеген жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер.

Қайырмасы:

Бұл өлке — біздің ауыл қыстаған жер,
Қайыңға кер жорғаны ұстаған жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Күлімкөз бір қызыққа бастаған жер.

Қайырмасы:
Бұл өлке — ата-бабам көктеген жер,
Қорамнан ақтылы кой кетпеген жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Алдымнан келін кесіп өтпеген жер.

Қайырмасы:

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Балапан қаз (Халық әні) (Елим Ай)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен