ГлавнаяИсполнителиНеизвестенКөктем қандай шырайлы, шұғылалы
название:

Көктем қандай шырайлы, шұғылалы


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1110 просмотров
Көктем қандай шырайлы, шұғылалы
Мың құлпырып қызғалдақ құбылады
Бақытты жан екеуміз бар әлемде
Ешкім сырын білмейді мұның әлі

Таң қаламын келбетіңе, қараймын да
Ғарыштағы сәулелерден нәр алдың ба
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені
Оттай ыстық жүрегімнен ар алдың ба

Жан жүрегім елжіреп, сағынғанда
Бір сен едің аңсаған таңым алда
Көзім талды жаутаңдап жұлдыздардан
Көп қарадым көк мұнар, сағымдарға

Таң қаламын келбетіңе, қараймын да
Ғарыштағы сәулелерден нәр алдың ба
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені
Оттай ыстық жүрегімнен ар алдың ба

Асыл жардың аяулы ақ тілегі
Аялаған арманның тәтті лебі
Жалғыз сенің айнымас махаббатың
Тебірентті, толқытты қатты мені

Таң қаламын келбетіңе, қараймын да
Ғарыштағы сәулелерден нәр алдың ба
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені
Оттай ыстық жүрегімнен ар алдың ба

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Көктем қандай шырайлы, шұғылалы" ?
user_4032 15 дек 17:57
О влюбленных
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен