ГлавнаяИсполнителиАйқын ТөлепбергенСен барда
название:

Сен барда


автор:

Айқын Төлепберген


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1210 просмотров
Сұлу жүзіңнен, нәр аламын мен
Мас болып қалып, тәтті деміңнен
Бұйра шашыңнан айналдым еркем
Қара қасың жерге төгілген.

Жүрегім тулап, кеудем от болды
Күйіп,жанып тұрып, күлі шығып, тұт болды.
Жаным балқыды, жаным айыққандай
Саған ғашықпын айтам жасқанбай.

Сен барда, батырмын
Сен барда, ақынмын
Келші, келші күлімдеші
Әніммен, тәніммен мен ғашықпын

Қос жанарыңнан, қиғаш қастарың
Беліңнен қылдай, жаным балқыды
Қара шашыңа жарасып бұрмыл
Қуантар көзді тәтті қылығың

Ерніңнен сүйсем кұмарым қанбас
Ақыл есімнен тандырады, мені біраз
Махаббатым да сен, жүрегім де өшпес
Ағын сумен жуса дағы кетпес.

Сен барда, батырмын
Сен барда, ақынмын
Келші, келші күлімдеші
Әніммен, тәніммен мен ғашықпын

Сен барда, батырмын
Сен барда, ақынмын
Келші, келші күлімдеші
Әніммен, тәніммен мен ғашықпын
Бар әніммен, бар тәніммен мен ғашықпын.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сен барда" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен