ГлавнаяИсполнителиЕркин Маулен, Маржан АрапбаеваГулсезим
название:

Гулсезим


автор:

Еркин Маулен, Маржан Арапбаева


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1120 просмотров
«Гүлсезім»
Әні: Е.Хасанғалиев
Сөзі: Т.Оразбаева

1. Өмірде тағдыр айдап,
Кездестім өзіңменен.
Кезім бұл бал-бұл жайнап,
Қайғы-мұң сезілмеген.

2. Тұңғиық көзіңдегі
Бөлендім шапағатқа,
Бұл нәзік сезім бе еді
Бұл әлде махаббат па?

3. Көңілдің алып ұшқан
Шаттығын жасыра алмай,
Жандардай сағынысқан
Жалындап басыла алмай.

4. Келеді құшақтағым,
Келеді еркелегім,
Ешкімге ұқсатпадым.
Не деген көркем едің?

5. Бейнеңе елжіреген
Тым ұзақ жаутаңдадым.
Жанымның мөлдіреген
Сырларын айта алмадым.

6. Тұңғиық көзіңдегі
Бөлендім шапағатқа,
Бұл нәзік сезім бе еді
Бұл әлде махаббат па?

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Гулсезим" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен