ГлавнаяИсполнителиЖiгiттер тобыСен yшiн
название:

Сен yшiн


автор:

Жiгiттер тобы


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1352 просмотра
Сен шоқ болсаң мен от болып маздаймын
Көктем болсаң жадыраған жаздаймын
Сен атрдайым бірге жүрсең жанымда
Бақ күнім ол, шаттығы мол аз қайғы

Гүлім болсаң самалың боп тербетем
Күнім болсаң шырқау көкке өрлетем
Сен болмасаң өзге жанға аяулым
Осышама өз еркімді бермес ем

Бұлақ болсаң мен өзен боп шалқимын
Сұнқар болсаң қыраның боп қалқимын
Айым болсаң күнім болсаң қашанда
Ақ нұрыңа пәк ңұрыңа балқимын

Гүлім болсаң самалың боп тербетем
Күнім болсаң шырқау көкке өрлетем
Сен болмасаң өзге жанға аяулым
Осышама өз еркімді бермес ем
Бәрі де сен үшін, бақыттың кенісің
Осы әнім жаным, бағым сен үшін

Сен шың болсаң басындағы шынармын
Нәріңменен мәңгі көктеп тұрармын
Қамықпашы, жабықпашы мендей сен
Ондай шақта бұлынғырмын, мұнармын

Гүлім болсаң самалың боп тербетем
Күнім болсаң шырқау көкке өрлетем
Сен болмасаң өзге жанға аяулым
Осышама өз еркімді бермес ем
Бәрі де сен үшін, бақыттың кенісің
Осы әнім жаным, бағым сен үшін

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сен yшiн" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен