ГлавнаяИсполнителиКТКел билейік кетпе менің қасымнан
название:

Кел билейік кетпе менің қасымнан


автор:

КТ


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 646 просмотров
Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма білмедім?!
Әйтеуір нұр құштым,
Әйтеуір гүлдедім.
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады.
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады.
 
Қайырмасы.
Кел билейік, кетпе менің қасымнан,
Қызғалдағым, таң нұрымен ашылған.
Сезім, шіркін, ақ жаңбырға ұқсайды,
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.
 
Әнбісің төгілген,
Жырмысың армандай.
Бір бақыт көрінген
Жақындап қалғандай.
Жанардың дүрсілі
Жүректе жанады.
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады.
 
Қайырмасы.
 
Күнәсіз шуақпын
Жаныңа үңілген.
Мен бүгін бұлақпын
Ілгері жүгірген.
Сүйемін мен күнді
Көңілді, жалынды.
Сен биле еркімді,
Әлдиле жанымды.
 
Қайырмасы.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Кел билейік кетпе менің қасымнан" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен