ГлавнаяИсполнителиҚайрат Нұртас & Жанар ДуғаловаСен мені тусінбедің
название:

Сен мені тусінбедің


автор:

Қайрат Нұртас & Жанар Дуғалова


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 677 просмотров
Сен мені түсінбедің

Сен мені түсінбедің, түсінбедің,
Көзімде жасым қалды, ішімде мұң.
Қолыма қонбай кеткен, арман құсым,
Жоқ әлде өңім емес, түсімбедің?

Сен менің тыңдамадың жырларымды
Өзіңе ақтарушы ем сырларымды.
Сені аңсап елеңдеген, бір бейне боп,
Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды.........
Сен Мен Түсінбедің!!!

Сен мені түсінбедің, түсінбедің,
Жанымды жараладың үнсіз менің
Түнерсе егер аспан, жасын төгіп
Ол менің сені ойлап күрсінгенім.

Сен менің тыңдамадың жырларымды
Өзіңе ақтарушы ем сырларымды.
Сені аңсап елеңдеген, бір бейне боп,
Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды.........
Сен Мен Түсінбедің!!!

Сол түнгі сағындым жарық айды 
Кім ұғады сүйіктім біздің жайды
Сен екеуміз өсірген ақ қайыңның,
Қимай бізді жапырағы сыбдырлайды....

Сен менің тыңдамадың жырларымды
Өзіңе ақтарушы ем сырларымды.
Сені аңсап елеңдеген, бір бейне боп,
Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды.........
Сен Мен Түсінбедің!!!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сен мені тусінбедің" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен