ГлавнаяИсполнителиАлтынай ЖорабаеваАқсұңқар
название:

Ақсұңқар


автор:

Алтынай Жорабаева


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1076 просмотров
АҚСҰҢҚАР

сөзі: ???

Есімде гүл терген кез көктем еді,
Есті қыз ер жігітті шек көре ме?
Қапысыз қайрылмастай құлай сүйсең, 
Құрбы жан құр бекерге өкпелеме

Батырым, баяндым ақ көңіл аяулым
Дархан той базарлым ақ сұңқарым
Аяла гүлімді, ұмытпа үнімді,
Бір жырла жырыңды ақсұңқарым.

Екі дос қаздай жадыра жаздай 
Жұбыңды жазбай жақсы жар
Тыңда да бірге, шыңда да, сында да бірге, 
Ақсұңқар ақсұңқар.

Жаным-ау мен қалайша жатсынамын,
Жан жүрек бір өзіңе тапсырамын
Сіз деген нәзік сөзден шошып қалсаң,
Сен дейін баяғыша ақсұңқарым  

Батырым, баяндым ақ көңіл аяулым
Дархан той базарлым ақ сұңқарым
Аяла гүлімді, ұмытпа үнімді,
Бір жырла жырыңды ақсұңқарым.

Екі дос қаздай жадыра жаздай 
Жұбыңды жазбай жақсы жар
Тыңда да бірге, шыңда да, сында да бірге, 
Ақсұңқар ақсұңқар.

Екі дос қаздай жадыра жаздай 
Жұбыңды жазбай жақсы жар
Тыңда да бірге, шыңда да, сында да бірге, 
Ақсұңқар ақсұңқар.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ақсұңқар" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен