ГлавнаяИсполнителиДанияр Рахметжанов # Тарлан # МұңайтарЖігіттер
название:

Жігіттер


автор:

Данияр Рахметжанов # Тарлан # Мұңайтар


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1274 просмотра
Данияр Рахметжанов

Жігіттер жүр, шашын жіберіп,
Не әйел, не еркек емес - Саша Зверев!
Еліктеуші едік Қажымұқан чемпионға,
Ал қазір қатты ұқсаймыз сериалдағы Гу Чжен Пё - ға!
Бара-бара сайыс болар еркектерді "Мисс" атайтын
Ұрпағы деп кім айтады Махамбет, Исатайдың?!
Жігіттік қасиет жоқ, таптаған намыс-арын,
Сұлулық салондарда қыздармен жарысатын! 
Жігіттер жүр қасын жұлып, сырға тағып,
Сәндік қуып, көзіне қына жағып!
Болашақ әкенің түрі осылай қала берсе 
Таң қалма балаң сені шатастырып "мама"- десе!
-Е, "маладес" е! Әйел болудан пародист, е!
Кім дейміз енді сені а? "Мадам? Месье?"
Қатты сәнденіп жүрме толып жүр қызтекелер, 
Ғашық болып қалып тағы іздеп келер! 

Тарлан
Айтпаса сөздің атасы өледі...

Қол-аяғы балғадай, тепсе темір үзетін,
тек шашына гель жағып, әрі не бері түзетіп.
Крем және бет бояуы қолына ұстаса болды,
Бүгінде жігіттер де толтыруда SPA салонды.
Көгілдір қатары толып, жоғалтыпты бар ұятты,
Солардың бірі айтпақ: "Тарлан жасауда плагиатты".
Еркек деген атын қойып, өспей келе өсек айтып,
Атақ қуған өңкей қатындар бүлігі - [bad word] Riot!
Әскерге бармау норма заманыма сай қаланған,
Айналаңда жігіттер ресми жүзінде майтабандар.
Тілін білмеген қазақ Отанын өтірік сүйеді,
Жақсы жігіт, бір жаманы тек отырып сиеді.
Осы жырды жақтырмай жатсаң егерде сен ұялып,
Жүгір теледидарда басталып кетті сериалың.
Сендей қорқау қоянға бақтан тек сәбіз жұлып бер,
Ал Жамағаттың өнімін тыңдайды нағыз жігіттер!!!

Қайырмасы:
Жігіттер 
Келсе әлемге ашылғысы,
сырға тағып, ернін бояп, түрленуде шаш үлгісі.
Жігіттер
Айна алдында көзін бояп,
өңім бе әлде түсім бе деп тез түсінде өзіңді оят.
Жігіттер
Доғарыңдар болса ұятың,
кешегі еркектер қайда аң аулайтын, мал соятын.
Жігіттер
Көруде талай ел тепкіні,
Бірақ теңгеміздей тек түспесе екен еркек құны.

Мұңайтар 
Ер намысын қайсарлығын өзіне тән ауырлығын
Жоқ қылуда көріп алып кәріс хикаясын, жасың
Басың қайда еліңді тап сен жігітсің, сен еркексің
қыз секілді қылықтанған мінездеріне ергенсің

Басты рөлде Ку Чен Пье кисе тырысқан шалбар
Базар іздеп аралап ұқсайтынын тауып алар
Бөлімінде егер ертең киіп қалар болса юбка
онда сенде ки ойламай қаламын деп мен ұятқа

Шаш ! Оу шаш деген бір бөлек
өсірді ол мейлі, плойкамен бұйралайды
Дүкендерден әйелім сусабынды таба алмайды
не болды десем: алдымдағы жігіттерден түк қалмайды

есесіне артығымен алып апты: пудрасын,
мусс, тоналка, крем, лагын, басқаларын...
Мынаның бәрін сонша көп қылып не істемексің дей бергенде...
- басталады ертең ұлдардада айна алдын сәнденуде

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жігіттер" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен