ГлавнаяИсполнителиНеизвестенАйдынға аққу-қаз оралды,сағындым сені
название:

Айдынға аққу-қаз оралды,сағындым сені


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1185 просмотров
Айдынға аққу-қаз оралды,сағындым сені
Жайнады дүние жанарда,сағындым сені
Жаз өтті,жапырақ тоналды,сағындым сені
Ақ қайың ақ мамық оранды,сағындым сені

Күн батты,таң атты тағы да
Ем таппай жаралы жаныма,
Жоғыңа сенбестен,
Қарайлаймын жолыңа

Сен едің ертегі аралым,
Дертімнің табай алмай амалын,
Таусылып ішімнен барамын-ау 
   Қарағым.

Ақ қайың арылды ақ қардан,сағындым сені
Сандуғаш сайрады бақтарда,сағындым сені
Елесің жоқ болған тәтті арман,сағындым сені
Келесің жаным,қай жақтардан,сағындым сені

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Айдынға аққу-қаз оралды,сағындым сені" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен