ГлавнаяИсполнителиШәмші Қалдаяқов (Маяқұм)Тамды ару (Інжу)
название:

Тамды ару (Інжу)


автор:

Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм)


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 665 просмотров
Сөзі Қадыр Мырзалиевтікі

Жамалың жас көктемнің жамалындай,.
Жүрегің махаббаттың қамалындай.
Тамдының тамылжыған әнші аруы,
Лебізің таңның уыз самалындай, еркем-ай.
 
Қайырмасы: 
Ебелектей жел аңсаған,
Көбелектей гүл аңсаған
Келем саған.
 
Сені ойлап құлазыған құла құмдай,
Заулайды қиял қырдың құланындай.
Бұрымың, Мыңбұлақта туған ару,
Сол жердің мың бірінші бұлағындай.
 
Қайырмасы.
 
Ілінген ғашықтықтың құрығына,
Әнімді құрбан еттім ырымына.
Мен қашан сүңгір екем мың бірінші,
Бұлақтай тарқатылған бұрымыңа.
 
Қайырмасы.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Тамды ару (Інжу)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен