ГлавнаяИсполнителиШәмші Қалдаяқов (Маяқұм)Ақмандайлым (Женіс Ысқақова)
название:

Ақмандайлым (Женіс Ысқақова)


автор:

Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм)


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 948 просмотров
Ақ маңдайлым
Әнің Жазған: Шәмші Қалдаяқов, Сөзің жазған: Мұзафар Әлімбаев

Көк майса Алатаудың бөктерінде,
Гүл тердік жастық шақтың көктемінде.
Алдымнан арманымдай жарқ етіп ең,
Қолымды жеткізгендей көкте күнге.

Қайырмасы:
Айналдым, ақ маңдайлым,
Ақылдым, бал таңдайлым.
Жалынды жас дәуренде,
Ұялма "жан сәулем" де.
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші,
Жадырашы, назданшы, еркелеші.

"Сен" деген ыстық сөзің артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
Өзгеге өзін қимас өр көңілім,
Лебіңмен қорғасындай балқып еді.
Қайырмасы:

"Сен" деген ыстық сөзің артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
"Сіз" деген салқын сөзден қорқамын ғой,
"Сен" десең көңіл қайта шалқыр еді.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ақмандайлым (Женіс Ысқақова)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен