ГлавнаяИсполнителиШәмші Қалдаяқов (Маяқұм)Ақ бантик (Медеу Арынбаев)
название:

Ақ бантик (Медеу Арынбаев)


автор:

Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм)


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1440 просмотров
Сөзі: Мұхтар Шаханов жазған
Балауса қыз едің бір кезде
 Шашыңа ақ бантик байлаған
 Өзгеріп кетіпсің бұл күнде
 Көркіңе көз тастап ойланам

 Нұрлы бейнең қандай жарқын
 Арманысың қандай жанның
 Шынарым-ай
 Сен, мөлдірсің, еркем
 Тау бұлағындай

 Жол жатыр шақырып алдыңда
 Өмір тұр ұсынып шаттығын
 Білмеймін ержетіп қалдың ба
 Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін

 Нұрлы бейнең қандай жарқын
 Арманысың қандай жанның
 Шынарым-ай
 Сен, мөлдірсің, еркем
 Тау бұлағындай

 Жылдардың еркіне бағындың
 Жылдарға қол создың жан құрбым
 Белгісін балалық шағыңның
 Айтшы сен қай жерде қалдырдың?

 Нұрлы бейнең қандай жарқын
 Арманысың қандай жанның
 Шынарым-ай
 Сен, мөлдірсің, еркем
 Тау бұлағындай

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ақ бантик (Медеу Арынбаев)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен