ГлавнаяИсполнителиШәмші Қалдаяқов (Маяқұм)Ак маңдайлым (Нұрғали Нүсіпжанов)
название:

Ак маңдайлым (Нұрғали Нүсіпжанов)


автор:

Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм)


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1316 просмотров
Көк майса Алатаудың бөктерінде
Гүл тердік жастық шақтың көктемінде
Алдымнан арманымдай жарқ етіп ең
Қолымды жеткізгендей көкте күнге

Айналдым, ақмаңдайлым
Ақылдым, бал таңдайлым
Жалынды жас дәуренде
Ұялма, жан сәулем де
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші
Жадырашы, назданшы, еркелеші

"Сен" деген ыстық сөзің артық еді
Өзіңе іштей мені тартып еді
Өзгеге өзі қимас өр көңілім
Лебіңмен қорғасындай балқып еді

Айналдым, ақмаңдайлым
Ақылдым, бал таңдайлым
Жалынды жас дәуренде
Ұялма, жан сәулем де
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші
Жадырашы, назданшы, еркелеші

"Сен" деген ыстық сөзің артық еді
Өзіңе іштей мені тартып еді
"Сіз" деген салқын сөзден қорқамын ғой
"Сен" десең көңіл қайта шалқыр еді

Айналдым, ақмаңдайлым
Ақылдым, бал таңдайлым
Жалынды жас дәуренде
Ұялма, жан сәулем де
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші
Жадырашы, назданшы, еркелеші

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ак маңдайлым (Нұрғали Нүсіпжанов)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен