ГлавнаяИсполнителиТоктар СерикДосым
название:

Досым


автор:

Токтар Серик


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1444 просмотра
Көріндің көгімнен
 Мейірімің төгілген 
Қиналған сәттерде 
Жұбандым сөзіңнен 
Балалық қиялым 
Байлығым жыр әнім
 Сен үшін ақ тілек 
Жаныма жиямын 

Досым досым досым Шаттығың құтты болсын 
Досым досым досым Үйіңе қыдыр қонсын 
Досым досым досым Шаттығың құтты болсын 
Досым досым досым Үйіңе қыдыр қонсын қыдыр қонсын қыдыр қонсын 

Өзіңсің қазынам 
Сағыныш назынан 
Арнадым әнімді 
Сен үшін жазылған 
Әніміз мәңгілік
Барады жаңғырып 
Бақыттың төрінен 
Келеді таң күліп 

 Қуаныш құсы боп
 Көлімді жүзіп өт 
Сыр болып шашылды
 Көңілге түсіп от 
Ниетім мөлдір ғой 
Өзіңе сендім ғой 
Ән қылып сезімді 
Шашу қып келдім ғой

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Досым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен