ГлавнаяИсполнителиДосымжан ТаңатаровАнашым
название:

Анашым


автор:

Досымжан Таңатаров


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1074 просмотра
Анашым, ақ - дидарлым,
Жаныма нәр құйғаным.
Аңсайды әлі күнге
Әлди жаным.

Болсын деп арың – биік,
Жеткіздің жаның күйіп.
Басыма бердің - Ана 
Бағымды үйіп.

Қ-сы: 
Жүзімнен шаттық көріп,
Өсірген ақ сүт беріп,
Аяулы ана!
Бойыма қуат бердің,
Ойыма шуақ бердің.
Астынан аяғыңның 
Жұмақ көрдім. 

Анашым дара-таңым
Мен сенің балапаның
Аялы сағындырды 
Алақаның.

Кең пейіл көл - көсірім,
Тербелсін тал бесігің.
Жүректен өшпейді – Ана!
Мәңгі есімің.

Аяулы ардақты анам
Ән айттым арнап саған
Әр сөзің тәтті тілек, 
Шәрбат маған.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Анашым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен