ГлавнаяИсполнителиЖубаныш Жексен улыМАХАББАТ ЕЛІ/МАХАББАТ МАЙДАНЫ
название:

МАХАББАТ ЕЛІ/МАХАББАТ МАЙДАНЫ


автор:

Жубаныш Жексен улы


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 913 просмотров
Дархан тағдыр сені маған жолықтырды қайдан,
 Өміріме нұрлы көктем болып кірдің айнам.
 Бір сәтке де босай алмай өзің жайлы ойдан,
 Жүрегімде басталды бір майдан.

Қ-сы:
 Перзентісің гүлім,
 Махамбеттің жырын,
 Тудырған ұлы өлкенің.
 Аямашы құрбыңнан көркемім,
 Жүрегіңнің бар нұрын.
 Жанарыңда сенің
 Жатыр екен менің тағдырым.

Біздің жастық шағымыздай қанатын кең жайып,
 Барады ағып бабамыздың ерке өзені Жайық.
 Өр теңізге бағыт ұстап жағада тұр кемем,
 Кешігем деп ойламайсың неге?

Қ-сы.

 Оңайлықпен асу бермес қырқасы мен белі,
 Түу алыста қолын бұлғап тұр махаббат елі.
 Желкеніңді пенделіктің билемесін желі,
 Бір жоғалтсаң таба алмайсың мені.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "МАХАББАТ ЕЛІ/МАХАББАТ МАЙДАНЫ" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен