ГлавнаяИсполнителиЕрбол СердалиевСуйгеним анык (2015)
название:

Суйгеним анык (2015)


автор:

Ербол Сердалиев


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 852 просмотра
1.Көрдім де келдім,
Қолымды бердім: 
«Сүйем сені, сұлу қыз,»

Жүрегім жанып, 
Сүюім анық,
«Куә болсын көп жұлдыз!» - 

«Сүйем!» боп сөзің, 
Мөлдіреп көзің, 
Тақадың сен бетке бет: 

Айрылдың естен,
Күндізгі күштен, 
Тиіп ыстық етке ет....

Қ/сы
Тап сол сағат
Сүйгенім хақ, 
«Сүйем сені, сұлу қыз,»

2.Ұшуға іңкәр 
Тұра ма тұлпар,
Бір жерде ылғи шаң жұтып?!

Жел едім ұштым, 
Талайды құштым, 
Кетіппін сені ұмытып. 

Бүгін сен көріп, 
Қолыңды беріп,
Қайғыменен қарайсың:

«Сендім мен жазған, 
Сүйгенің жалған, 
Алдадың!» деп жылайсың.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Суйгеним анык (2015)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен