ГлавнаяИсполнителиBaGiҚұлайды тамшылар | .com/amangeldiev_bagi
название:

Құлайды тамшылар | .com/amangeldiev_bagi


автор:

BaGi


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1268 просмотров
Құлайды тамшылар

Айтылмаған сөзім көп, көзіңнен жас үзіліп,
Жанарыңнан бара жатыр бірте-бірте тізіліп.
Тұра бердің сызылып, жүрегің жүре жылып,
Қоштасуға қимаймын жүрек соғысы қуып.
Айтқым келмесе де, айтайын,
Қайтқым келмесе де, қайтайын.
Сырымды дұрыс қой білгенің – 
Мен сені сүйемін.
Айтқым келмесе де, айтайын,
Қайтқым келмесе де, қайтайын.
Сырымды дұрыс қой білгенің – 
Мен сені сүйемін.

Қ-сы:
Аспаннан жерге құлайды тамшылар,
Құлайды тамшылар, жылайды таң-шуақ.
Бірге болмағанымыз дұрыс шығар,
Мүмкін дұрыс шығар, шешімін өзің шығар.

Кейде маған бәрібір, өзімді ұстай алмаймын,
Қараймын айналаға, мен өзі қандай-қандаймын?
Сені ойлаймын, болар іс болып біткеніне,
Керуеннің көші жүректің көшіп кеткенінде.
Қуып жеткенімде оралмайтын дүние көп,
Жүректің соғысында бұрынғыдай жылдамдық жоқ.
Әңгіме көп жан-жағынан қаптаған,
Барлығы тығырықтан тақалады тап саған.
Білем, жаман жағынан жақсы танылдым,
Сезімнің арифметикасы, жүйеден жаңылдым.
Қасыңнан табылдым, алдаймын, табылмадым,
Сезімде жаңылдым, мен сенен жаңылмадым.
Қолымнан келетіні – қаңғыру жамырап,
Менде бәрі жақсы, не деген сандырақ?!
Бөлме де қаңырап, дүнием күйзелісте,
Маған керек тайм-аут, шықтым үзіліске.

Қ-сы:
Аспаннан жерге құлайды тамшылар,
Құлайды тамшылар, жылайды таң-шуақ.
Бірге болмағанымыз дұрыс шығар,
Мүмкін дұрыс шығар, шешімін өзің шығар.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Құлайды тамшылар | .com/amangeldiev_bagi" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен