ГлавнаяИсполнителиСарсенова!❤Армандаймын жаным (2016)
название:

Армандаймын жаным (2016)


автор:

Сарсенова!❤


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1182 просмотра
Ұмыта алмай мен сені,
Мен сені жүрмін әлі
Алай дүлей сол шақты,
Сол шақты кім ұғады
Ақылыма бағынбай,
Бағынбай асау жүрек
Кеудемді де бұзардай,
Бұзардай бұлқынады

Өткен күннің білсемде,
Сезсем де оралмасын
Армандаймын адам боп,
Адам боп жаралған соң
Мені мұңға батырып,
Жаным-ау қалай жүрсің
Қарақат көз-ай менің,
Қара көз құлан шашың

Айқайлап-ақ айта бер,
Айта бер табан болсаң
Сені ұмыта алмадым,
Қайтейін амал қанша 
Қара тастан неліктен,
Неліктен жаралмаған
Жұмсақ еттен жүрегім,
Жүрегім жаралғанша

Өткен күннің білсемде,
Сезсем де оралмасын
армандаймын адам боп,
Адам боп жаралған соң
Мені мұңға батырып,
Жаным-ау қалай жүрсің
Қарақат көз-ай менің,
Қара көз құлан шашың

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Армандаймын жаным (2016)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен