ГлавнаяИсполнителиЯссауи тобыАралбайдың сөз басы
название:

Аралбайдың сөз басы


автор:

Яссауи тобы


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 796 просмотров
Аузу билляхи минаш шайтанир раджим
Бисмилляхир рахманир рахим

Сөздің басы Бісміллә
Әмірі Хақтың сірәдан
Алласы кетіп аузынан
Әз әзіл шайтан бұл азған
Күллі кәрім Құраннан
Зижәтиль мәлә күлмәуіттің 
Хадисін тұтқан бұл адам

Қалыбынан қайғы асса
Ұшқындап шығар заманнан
Ашу бөрі ақыл қой
Араласпағын жүр алман

Көз таразы көңіл хәм 
Әмірін екі қыла алман
Шерлі жүрек жел төкпей 
Желпінбей шықпас құмардан

Тәуекел етсем жарасар
Жан жаратқан Аллаға
Пенделік қиял ойладым 
Басымды топқа салғанда

Шікірәсі біз кімнің
Бір күні бізде өлерміз
Атамыз Қорқыт сақтанып қала алмаптай олдағы
Қырық жыл қашып далада

Жүніс атам қарқ болған 
Неше жыл жүріп дарияда
Алла ісіне шара жоқ
Ұл берген нұрдан Марияға
Ғайсадайын ұл туып 
Жұмақтан орын тұтылған
Заманнан заман озғалы 
Тек жалғыз ақ сол дейді ай
Өлімнен тірі құтылған
Таба алмадым басқа жан
Дүниенің шарлап бұрышынан

Ақылы бар жігіттер
Шайтанның сақтан құлқынан
Адам болып біз жүрміз 
Атамыз Сафи адамнан

Он сегіз мың ғаламның 
Нәсібі жерге шашылған
Бір Алла деп сөйлесе 
Ер талабы ай ашылған

Тәуекелсіз тәубесіз
Ер қырсыққа шатылған
Ойласаң бақи қызыл гүл
Бұл фәниде мен бұлбұл 
Сазына қарай шақырған

Ойласаң дүние бәйтерек
Біз бір қонған бозторғай
Бұтағында асылған
Жан барында кеудемде
Байқадым менде шарқымнан
Атамыз Адам жаралған топырақтың зарпынан

Айырларсың жинаған
Пайдасыз жиған малыңнан
Жалғанның мынау нарқынан
Кәләмның анау төрт қарпі
Әзіреті Ғали аршылған
Күшім көп деп  олдағы
Көтерем деп талпынған

Ақылға салып ойласаң
Сол жақсының бірі жоқ
Бақиға көшіп таусылған
Таусылды деп өкінбе
Алласы нұрмен қаусырған
Көрерсің Хақтың дидарын
Кір жұқпаса діліңе
Адал болсаң дініңе
Жұмыртқадай аршылған
Жаббар Хаққа ұнайсың
Зікір айтып зарласаң
Жамағатқа ұнайсың
Пікір айтып барласаң
Одан өткен амал жоқ 
Шартарапты шарласаң
Осыларға бекем бол
Ахиретті қамдасаң

Мәдинада Мұхаммед
Түркістанда Қожа Ахмет
Маңғыстауда Пір Бекет
Соларда сұра нанбасаң

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Аралбайдың сөз басы" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен