ГлавнаяИсполнителиДулат ӘбдікәрімӘке тілегі (монолог)
название:

Әке тілегі (монолог)


автор:

Дулат Әбдікәрім


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1054 просмотра
Өмір мынау - өте шығар қас қағым, 
Төзесің-ау түссе егерде басқа мұң. 
Қызым, кеше - бүлдіршін ең, бал - тілі, 
Бүгін міне, жаңа өмір бастадың. 

Осы күнді армандаушы ем, қиялдай, 
Енді міне тұрмын қазір қия алмай. 
Балапаным, саған бақыт тілеймін, 
Қуаныштан көз жасымды тия алмай. 

Күні кеше деуші едің ғой "баламын"
Көздеріңнен көрмейінші нала, мұң. 
Ата анаңның ақ тілегін қабыл ал, 
Құтты болсын басқан жаңа қадамың. 

Тілеймін ғой, шаттық мәңгі саған мың, 
Көрсетпессің сан қылығын жаманның. 
Есте болсын, жүзін жерге қаратпа, 
Әлпештеген әкеңменен анаңның. 

Тағдыр саған жолықтырмай жар құзын, 
Тегіс болсын, өмір жолың жалғызым. 
Жаратқанның жылуына бөленіп,
Бақытты бол! Бақытты бол! Жан қызым!

Дулат Әбдікәрім 14.02.2015

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Әке тілегі (монолог)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен