ГлавнаяИсполнителиРуслан МамытовҚазағыммен мақтанам!
название:

Қазағыммен мақтанам!


автор:

Руслан Мамытов


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 730 просмотров
Мен ҚАЗАҚпын
Қазақ болып туганыма
МАҚТАНАМ

Тіл мен дінін сақтаган
Бабамызбен мақтанам
Ат тұяғы таптаған 
Даламызбен мақтанам
Тарихтан сыр сақтаған
Қаламызбен мақтанам
Сөзінен қан тоқтаған 
Данамызбен мақтанам
Сөзінен қан тоқтаған 
Данамызбен мақтанам

Адал бесік аттаған
Анамызбен мақтанам
Ана сүтін ақтаған 
Баламызбен мақтанам
Жеті атасын жаттаған
Санамызбен мақтанам
Осылай асқақтаған 
Бағамызбен мақтанам

Тіліміздің нақталғай 
Тұғырымен мақтанам
Дініміздің ақ таңдай 
Тұнығымен мақтанам
Қызымыздың мақпалдай
Бұрымымен мақтанам
Ұлымыздың ақ қардай 
Ұлығымен мақтанам
Ұлымыздың ақ қардай 
Ұлығымен мақтанам

Періштедей халқымның
Пейілімен мақтанам
Ақ тілеулі қартымның
Мейірімен мақтанам
Өнегелі салтымның
Түйінімен мақтанам
Алты алашқа даңқымның
Биігімен мақтанам
Алты алашқа даңқымның
Биігімен мақтанам

Бойымызда ҚАЗАҚ қан 
Аққанымен мақтанам
Көгімізде азаттық
Атқанына мақтанам
Шүкір еттім Жаратқан
Жасқаныңа шаттанам
Халқымызды тозақтан
Өзің болғай сақтаған
Халқымызды тозақтан
Өзің болғай сақтаған
Қазағыммен мақтанам
Қазағыммен мақтанам
Қазағыммен мақтанам
Қазағыммен мақтанааааааааааааааааааам
Эйййййййййй

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қазағыммен мақтанам!" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен