ГлавнаяИсполнителиЖанболат & ЖазираАуылым
название:

Ауылым


автор:

Жанболат & Жазира


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1484 просмотра
Сөзі Ж. Бейсеновтікі, әні Т. Базарбаевтікі

Кіндігімнің жас қаны,

Тамған жерім ауылым.

Шабытымның асқары,

Самғаушы еді ауылым.

Қ а й ы р м а с ы:

Жастығымның күәсі,

Шұрқыраған ауылым.

Жусаны мен жуасы,

Бұрқыраған ауылым. 2 рет

Биік-биік шың, құзға,

Құмар қылған ауылым.

Бүлдіршіндей бір қызға,

Сыңар қылған ауылым.

Қ а й ы р м а с ы:

Әнмен таңды атырып,

Ән салдырған ауылым.

Сары қымыз сапырып,

Тамсандырған ауылым. 2 рет

Көк түтінді шұбатып,

Желек созған ауылым.

Ай көрмесем құмартып,

Жүрек қозған ауылым.

Қ а й ы р м а с ы:

Көк торғындай көктемде,

Сағым қуған ауылым.

Алыс сапар шеккенде,

Сағындырған ауылым. 2 рет

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ауылым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен