ГлавнаяИсполнителиНеизвестенҚарсы алып арайлы дала таңдарын
название:

Қарсы алып арайлы дала таңдарын


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 614 просмотров
Қарсы алып арайлы дала таңдарын, 
Жанымда жүрсең деп едім. 
Аңсаған менің аяулы арманым, 
Дариға жүрек сен едің. 
Келер деп үміт үзбедім,үзбеймін, 
Моншақ қып жылдар тізбегін. 
Сезсең ғой қалай сағындым өзіңді, 
Білсең ғой қалай іздедім. 

Қ-сы: 
Жүректе жазылды Дариға есімің, 
Күндер-ай тербеткен махаббат бесігін, 
Сенің көктемдей көркіңе көз тоймай қарадым. 
Арайлап алдан ақ көңіл, ақ ниетпен, 
Күнде тұрасың қол бұлғап көкжиектен, 
Жаным, өзіңе сырымды айта алмай барамын. 

Айдыным өзгенің зерлеп қанатын, 
Қай жерде жүрсің мекендеп? 
Жер-көкті шарладым қалмай тағатым, 
"Кездесіп қалар ма екен?" - деп! 
Асыға күтіп таң нұрын, таң нұрын 
Айта алмай сырын, жан мұңын, 
Дариға жүрек, жүрсің-ау, аңсаумен, 
Қарлығаш көктем, бал күнім.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қарсы алып арайлы дала таңдарын" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен