ГлавнаяИсполнителиЕркін Нұржанов & Ибрагим ЕскендірО Ләйлә
название:

О Ләйлә


автор:

Еркін Нұржанов & Ибрагим Ескендір


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 634 просмотра
Айтамын жанның басқа әнін,
Дедім де, үміт жоқ енді.
Ыза боп отқа тастадым,
Өзіңе жазған өлеңді.

Қағазды баурап алды да,
Жалын кеп шеттен қармады.
Қалғаны түгел жанды да,
Бес әріп бар тұс жанбады.

О, Ләйлә, мұңсызбын демеспін,
Қайғырса қанатсыз емес кім?
Бірақ та жынданып кететін,
Мен саған Мәжнүн емеспін!

Сарғыштау дақ бар бетінде,
Сол үшін өртпен дүрдараз.
Ошақтың қалды шетінде,
"Ләйлә" деп құйттай бір қағаз.

Жұлып кеп алдым ойланбай,
Аз болар бұл сәт ой да тым.
Жүректен өшпей қойғандай,
Отқа да жанбай қойды атың.

О, Ләйлә, мұңсызбын демеспін,
Қайғырса қанатсыз емес кім?
Бірақ та жынданып кететін,
Мен саған Мәжнүн емеспін!

Жұматай ЖАҚЫПБАЕВ

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "О Ләйлә" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен