ГлавнаяИсполнителиНеизвестенДаурен көшіп барады ей, қарайламай
название:

Даурен көшіп барады ей, қарайламай


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1052 просмотра
Даурен көшіп барады ей, қарайламай
Құбылады күн сайын ей, қалай, қалай?
Құбылады күн сайын ей, қалай, қалай?
Сенің алтын сәулеңе не жетеді?!
Жарқыраған тіршілік, шарайнадай!
Жарқыраған дүние, шарайнадай!
Дүние шіркін, өтер бір күн.
Жарқыраған қайдасың, ойын күлкім?

Құрбы құрдас кешегі, бірге ойнаған
Жүздеріңді сағындым, нұржайнаған
Көздеріңді сағындым, нұржайнаған
Дәурен бастан өткен соң, қайран дүние
Дидарыңды қайтейін, тіл байлаған!
Дидарыңды қайтейін, тіл байлаған!
Дүние шіркін, өтер бір күн.
Жарқыраған қайдасың, ойын күлкім?

Ризамын өмірге, келгеніме
Азды көпті, қызықты көргеніме
Азды көпті, қызықты көргеніме
Бұл жалғанның түбіне, жеткен бар ма?
Тәубе қылдым, тәңірдің бергеніне
Тәубе қылдым, тәңірдің бергеніне!
Дүние шіркін, өтер бір күн.
Жарқыраған қайдасың, ойын күлкім?
Дүние шіркін, өтер бір күн.
Жарқыраған қайдасың, ойын күлкім?

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Даурен көшіп барады ей, қарайламай" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен