ГлавнаяИсполнителиАсанов АдилетҚолым жетпейді саған
название:

Қолым жетпейді саған


автор:

Асанов Адилет


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 882 просмотра
Арманның арасында 
Бақыттың панасында
Жүр менің сүйген жаным
Бір байдың санасында
Мендегі пәк махаббат 
Бұйырды бай баласына
Мұң-шерім таңсық емес
Бар қазақ даласына

Қ-сы:
Қолым жетпейді саған
Жүрегім сені аңсаған
Сыңарын таба алмай
Жүр емес пе қаншама адам
Күй болвп шерте шерте
Сезім деген шаршаған
Бәлкім тағдыр ерте ерте 
Деп бізді қоспаған шығар

Күздің бір кеші еді
Жасырайын несін енді
Жүргенде қалып қойдың
Тербетейін сезімдерді
Мен сені ұнатқанмен
Көңілің сенің өзгеде иә
Бар ойың байдың баласы 
Тек сода есіл-дертің
Әрине, болмады емес 
Сезімімді білдіргенмін
Өміріме соққы болды
Бақытымды бүлдіргенің
Арада қанша қанша
Қаншама жыл өтсе-дағы
Бәрібір мойын сұнбай 
Тағдырымды көндірмедім
Махаббаттың бағына
Барып жүрдім күн ара
Аузы қисық бай баласы 
Сезіміңе тұра ма
Күн сайын бір уақытта 
Екеуіңді көргенім
Сол мезет мен үшін
Естен кетпес жарнама
Сонда да жыламадым
Жүрегімді қинамадым
Десем де іштей тынып
Сезімімді кінәладым
Қасымда достарым да
Бауырларым бола тұра
Олардан ақыл-кеңес
Қол ұшын сұрамадым
Бірақ та қапа болам
Өмір неткен әділетсіз
Білемін бұл өмір
Өмір болмас тауқыметсіз
Сонда не бай баласы 
Сезім сатып ала ма
Жо жоқ қалайша
Бұның дұрыс бола ма
Байлыққа қызығып 
Бай алдында сызылып
Теректе тиселгелі 
Қыпша белі үзіліп
Ол байдың шын мәнінде
Сені алдап жүргені
Тұр емес пе жаным ау
Айдан анық сезіліп

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қолым жетпейді саған" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен