название:
автор:
Перизатым
автор:
Балапан мой
рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 649 просмотров
- Текст
- Открытка с текстом
Алғаусыз сезім, ақ жүрегіммен, Арманына адал тағдыр едім мен. Бағыты-жұмбақ, бағасы-қымбат Бақыт іздеген жанмын өмірден. Көрдім де сені... Өртендім өзім, Еркімді билеп, еркем бір өзің, Көркіңе шіркін, жарасқан қандай, Көзайым, күнім, көркем мінезің. Қайырмасы: Жап-жарық нұрдан жаралдың ба сен?! Мөп-мөлдір мұңдай жанардыңжасы ең. Ғайыптан келген Перизатым-ау, Ғажайып сыйы ғаламның әсем. Назданып нәркес нұрға малынып, Ынтызар еттің ырғала күліп. Мен сені жақсы көріп қалдым ғой, Мезі еткен ауыр мұңнан арылып. Қайырмасы: Жап-жарық нұрдан жаралдың ба сен?! Мөп-мөлдір мұңдай жанардыңжасы ең. Ғайыптан келген Перизатым-ау, Ғажайып сыйы ғаламның әсем. Көріктім менің, көзі нұр, жақұт, Сыр айтсын сендік сезім үн қатып. Көз ілмей мәнгі, өзіңдей жанды, Сағынудың да өзі бір бақыт!
А как ты думаешь, о чем песня "Перизатым" ?